«Қайрат» футбол клубы 30 жастағы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Жаңадан келген ойыншымен келісім 2024 жылдың соңына дейін жасалған. Элдер Сантана «Атлетико Минейроның» түлегі. Туған клубынан бөлек, өз елінде «Тупи», «Ферровиарию», «Сампайо Корреа», «Брагантино», «Атлетико Гойяньенсе», «Ботафого», «Сертаозиньо» командаларында өнер көрсетті.
2019 жылдың жазында шабуылшы Португалияға көшіп, онда «Санжуаненсе» және «Жил Висенте» командаларында ойнады. Элдердің соңғы клубы «Ақтөбе» болды. Өткен маусымда ол «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде 32 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар алматылық клуб 26 жастағы грузиялық Лука Гадраниді қатарға қосты. Келісім 2025 жылдын сонына дейін ессептелген. Лука орталық қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Ол мансабын грузиялық «ВИТ Джорджия» мен «Динамо» Тбилисиде бастады. 2016 жылдың екінші жартысында испаниялық «Алавестің» дублінде ойнады. Кәсіби деңгейде Гадрани грузиялық «Цхинвали» мен «Рустави» клубтарының, ирандық «Шахин» мен латвиялық «Валмиера» намысын қорғаған. 2022 жылдың басында қорғаушы «Таразға» ауысып, бірден қорғаныс көшбасшысы әрі чемпионаттағы үздік қорғаушылардың біріне айналды. Өткен маусымда Гадрани «Ақтөбе» сапында 26 матч өткізіп, 3 гол соқты.