Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Тартыс жалғасуда. Дания — Словения кездесуінің нәтижесі қазақстандықтарды қуантты

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінде тоғызыншы ойынын өткізді. Ойын «Астана-Арена» стадионында өтті.

Бірінші таймда Ислам Чесноков соққан голдың арқасында Қазақстан алға шықты. Үзілістен кейін қазақстандықтар Чесноков алыстан дәл соққы жасап есепті еселеді, ал кездесудің 60-минутында Сан-Марино есеп айырмасын қысқартты. Ойынның 90+2 минутында Абат Айымбетов пенальтиді сәтті орындап қорытынды 3:1 есебін тіркеді.

Ал Копенгагенде Дания мен Словения құрамалары арасында Еуро-2024 іріктеуінің тоғызыншы турының ойыны өтті. Кездесу қорытындысы бойынша алаң иелері іріктеу топтарының жалғыз көшбасшылары болып қалды. Қорытынды есеп 2:1.

26-минутта алаң иелері сапынан Йоаким Меле есеп ашқанымен, 30-минутта Эрик Янжа есепті теңестірді. Жеңіс голын 54-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Томас Делани соқты. Осы табысының арқасында даниялықтар 22 ұпаймен топта көш бастады және Еуро-2024-ке қатысуға мүмкіндік алды. Словениялықтарға келсек, олардың 19 ұпайы бар. Олар финалдық матчқа дейін Қазақстан құрамасынан бір ұпай ғана алда. Бұл дүйсенбі 20 қарашада Словенияны жеңу Қазақстанға футболдан Еуропа чемпионатына тарихи жолдама береді деген сөз.

9 турдан кейін H тобында Қазақстан құрамасының қоржынында 18 ұпай. Ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 20-қарашадан 21-не қараған түні Словения командасына қарсы өткізеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz