Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Ауыр атлетика

Қазақ зілтеміршісі әлем чемпионы атанды

Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

81 келіге дейінгі салмақта қазақ зілтеміршісі Едіге Емберді әлем чемпионы атанды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша ол 336 (145+191) келіні көтерді. Жұлқа көтеруде небәрі 145 келіні бағындырған Едіге Емберді тоғызыншы нәтиже көрсеткенімен, серпе көтеруде барлығынан оқ бойы озып шықты – 191 келі. Осылайша жалпы есепте 336 ұпай жинады.

Екінші жаттығудағы тамаша өнері 18 жастағы қазақстандық зілтеміршіге өзінің тікелей бәсекелесі түрікменстандық Ғайғысыз Тораевты 1 келі салмақ айырмашылығымен жеңуге мүмкіндік берді. 335 келіні (151+184) бағындырған түрікменстандық спортшы «күміс» жүлдені қанағат тұтты. Қоланы грузиялық Саба Ананидзе жеңіп алды — 333 келі (149+184).

Айта кетейік, Емберді Қазақстанды халықаралық аренада 2022 жылдан бері таныта бастады. Ол бірден «алтын дубль» жасап, 73 келі салмақ дәрежесінде жастар арасындағы әлем чемпионатында (Леон, Мексика) және Азия чемпионатында (Ташкент, Өзбекстан) жеңіске жетті.

Ал қыздар арасында 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юлия Трошкина қоссайыста 150 (70+80) келіні бағындырып, 10-орынға тұрақтады. Петр Хребтов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның нәтижесі 270 (120+150) келі болды. Әлем чемпионатына 44 елден 229 спортшы қатысуда. Жарыс 23 қарашада өз мәресіне жетпек.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz