Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады.
Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар. Хорватиялық маман Қазақстанның ең үздік теннисшісімен 2019 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Рыбакина биылғы маусымды WTA рейтингінде 21-орыннан бастап, әлемнің төртінші ракеткасы ретінде аяқтады.
Вуковтың бәсекелестері:
Брэд Гилберт/Пере Риба — Кори Гауффтың бапкерлері. Гилберт пен Риба Гауффпен 2023 жылдың маусымынан бастап жұмыс істей бастады, осы уақыт ішінде Гауфф US Open 2023 турнирінде жеңіскеп жетіп, WTA рейтингінде жетінші орыннан үшінші орынға көтерілді;
Томаш Викторовский — Ига Швентектің бапкері. Польшалық теннисшімен 2022 жылдан бастап жұмыс істейді;
Антон Дубров — Арина Соболенконың бапкері. Соболенкомен 2020 жылдан бастап жұмыс істейді;
Эмиль Миске — Каролина Мухованы жаттықтырады. Олар 2023 жылы қайта бірге жұмыс жасады. Жылдың басында Каролина әлемнің 151-ші ракеткасы болса, ал қазір сегізінші сатыға дейін көтерілді;
Раймон Слюйтер — Элина Свитолинаның бапкрі. Ол Свитолинамен 2023 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді.
2023 жыл қорытындысы бойынша жеңімпаздарды дәстүрлі түрде халықаралық теннис БАҚ өкілдері таңдайды.