Мадияр Кембілов шәкірттерінің Израиль құрамасына қарсы ойыны жеңіліспен аяқталды.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы үшінші ойынын өткізді. Кездесу 2:0 есебімен Израиль құрамасының жеңісімен аяқталды. Гол авторлары Мариан Авад (14-минут) пен Эден Авитал (38-минут). Қазақстан матчты он ойыншымен аяқтады. 81-минутта Камила Құлмағамбетова екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Сонымен, қазір С лигасының 4-тобындағы командалардың жағдайы келесідей: Эстония – 7 ұпай (4 матч), Израиль – 6 ұпай (2 матч), Қазақстан – 4 ұпай (3 матч), Армения – 0 ұпай ( 3 матч).
Естеріңізге сала кетейік, өткен ойында Қазақстан құрамасы Армения құрамасын 2:1 есебімен ұтқан болатын. Бұл қазақстандық футболшылардың соңғы бес жылдағы ресми кездесудегі алғашқы жеңісі болды.
26 қарашада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында бүгінгі қарсыласына қарсы тағы бір кездесу өткізеді. Ойын Телкидегі (Мажарстан) Globall Stadium алаңында өтеді.
Қазақстан – Израиль – 0:2
Голдар: Авад 14 (0:1), Авиталь 38 (0:2).
Ескертулер: Құлмағамбетова 15, Власова 25, Мамырова 25, Қаражанова 47 – Шараби 90+1
Алаңнан қуылу: Құлмағамбетова 81 (екінші сары қағаз)
Қазақстан: Лозукова (в), Демидова, Нурышева, Айтымова, Власова, Низамутдинова (Гайстенова 46), Жұмабайқызы (Лозукова 70), Тұрлыбекова (Берікова 86), Мамырова (Алданазар 46), Қаражанова (Кеңес 90), Құлмағамбетова;
Бас бапкер: Мадияр Кембілов;