Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Қазақстандық спортшы сенсация жасап, әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті

Әсем Орынбай Катар мемлекетінің астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық құрама спортшысы стенд атудың скит бағдарламасында ақтық сынға шығып, 51 балл жинады. Кьяра Ди Марциантонио (Италия) 50 нысана дәл көздеп күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Дания Джо Виццидің (АҚШ) еншісінде. Бұл сында 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады (34 ұпай).

Айта кетейік, кеше Әсем алғашқы іріктеуден кейін 72 ұпаймен көш басына шыққан, ал бүгін 44 балл алып, финалға 6-орынмен (116 ұпай) жолдама алды. Қазақ мергені қазір ISSF рейтингінде 7-орында келе жатыр.

«Өте бақыттымын. Бүгін күн райы қолайлы болды деп айта алмаймын. Сәт сайын жел тұрып, «тосын сый» жасап жатты. Соған қарамастан үздік шықтым. Бұл осы маусымдағы соңғы жарыс. Бар ойым лайықты өнер көрсету болды»,-деп айтты Әсем Орынбай финалдан кейін Халықаралық нысана көздеу федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Биылғы маусымда Әсем Орынбай әр жарыста тұрақты өнер көрсетіп, бірнеше рет тұғыр биігіне көтерілді. Атап айтар болсақ, мамырда Алматыда өткен рейтингтік Әлем Кубогында жекелей сында топ жарып, ізін ала әріптесі Эдуард Ещенкомен бірлесіп күміс жүлдегер атанды. Сосын, жазда Лонатодағы (Италия) Әлем Кубогында аралас жұптар арасында (Эдуард Ещенкомен) 3-орын алған.

Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) мұндай финалды араға 4 жыл салып ұйымдастырып отыр. Бәсекеде 42 елден келген 179 үздік мерген бақ сынап жатыр.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz