Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Шахмат

Италияда өткен әлем чемпионатында жас шахматшыларымыз үш медаль жеңіп алды

Италияның Монтесильвано қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар үш медаль жеңіп алды.

2009 жылға дейінгі туылған қыздар арасында күміс жүлдені алматылық Эльназ Қалиахмет жеңіп алды.

«Турнир барысында Эльназ өте жақсы ойын көрсетті. Дайындығымен көзге түсті. Федерация жас шахматшымыздың жетістігін мақтан тұтады. Өйткені онымен қатарлас мықты шахматшылар көп болды және ол өте мықты қарсыластарын жеңе білді. Грузиялық шахматшы Анастасия Киртадземен шешуші ойында нәтижелі әрі сабырлы ойын көрсетті», — деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Ең беделді топта (2005 ж.т. және одан кіші жастағы ұлдар) Алдияр Аңсат (Астана) қола жүлдені жеңіп алды. Осындай қиын чемпионаттағы гроссмейстер нәтижесі бір ғана жеңіліс пен 7 жеңіс, 3 тең ойын.

«U18 ерлер арасындағы чемпионатта мықты құрам жиналды. Біздің Аңсат Алдияр өте жақсы ойын көрсетті. Талантты жастарымыз болашақта мықтылармен күресте жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз», – деп қоса кетті Гүлмира Дәулетова.

Он алты жасар қыздар тобында Алуа Нұрманова ФИДЕ рейтингінде бірінші орында тұрған Александра Шведованы басып озып, шеберлік танытты. Нәтижесінде қазақстандық шахматшы қола жүлдені жеңіп алды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz