Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «Шығыс Салбұрыны-2023» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Қатысушылар жыртқыш құстың үш түрін салып, өзара мықтыларды анықтады. Үш күнге созылған турнирде 100-ден астам спортшы өз бақтарын сынады. Шығыс жерінде, Алтай тауының бөктерінде, «Бүркіт төбе» жотасындағы жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.
Бүркіт құсы бойынша:
1-орын – Сейітжан Алмас, Алматы облысы;
2-орын – Жалғасұлы Серікболсын, Жамбыл облысы;
3-орын – Болат Нұрдос, Жамбыл облысы;
4-орын – Жұмағұл Ерсұлтан, ШҚО;
5-орын – Көдеков Мұрат, Алматы облысы.
Қаршыға құсы бойынша:
1-орын – Ғалым Самғат, ШҚО;
2-орын – Байетбай Ермұхан, ШҚО;
3-орын – Сейітжан Аян, Алматы облысы.
Ителгі құсы бойынша:
1-орын – Сандыбай Ерлан, Түркістан облысы;
2-орын – Төлегенұлы Темірәлі, Қарағанды облысы;
3-орын – Күнтуған Серікбек, Астана қаласы.
Негізі «Шығыс Салбұрын» фестивалі өлкеде осымен үшінші рет өтіп жатыр. Әу баста фестиваль тек облыстық деңгейде өтпек болған. Алайда аймақ әкімдігінің қолдауымен бұл сайысқа шет елден құсбегілер мен саятшылар шақыртылды. Атап айтсақ, турнирге Қытай Халық Республикасы, Моңғол Халық Республикасы, Ресей және Қырғызстанның спортшылары қатысты.