Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«ALAÑ» бағдарламасы бойынша Жетісу облысында футбол алаңы қайта жаңартылды

Жобаның басты мақсаты – республикадағы спорт инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.

Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында кезекті жаңартылған футбол алаңының тұсауын кесті. Жетісу облысының Балпық би ауылындағы Батыржан Оңғаров атындағы стадионда футбол алаңы жаңарды.

Айта кетсек, 2023 жылдың шілде айында ҚФФ бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «ALAÑ» атты елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізді. 3 жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады.

«Футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасы өңірлердегі футболды дамытуға серпін беріп ғана қоймай, бұл спорт түрінің, әсіресе, ауылдағы балаларға қолжетімді болуына жағдай жасайды. Жаңа алаң барлық заманауи технологиялық талаптармен салынған. Бұл еңбекті көп қажетсінетін және шығыны көп жұмыс. Менің ойымша, дамыған спорт инфрақұрылымы мен мемлекет және бизнес қауымдастықтың жан-жақты қолдауы, біздің спортшыларымыз бен жастарымызды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және түрлі халықаралық жарыстарда жеңіске жетуге ынталандырады», — деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

Жалпы, «ALAÑ» бағдарламасы аясында елімізде 20 футбол алаңдары қайта жаңартылады. Осыған дейін, Ақтөбе қаласындағы №2 БЖСМ аумағында жаңа алаң пайдалануға берілген болатын.

«Бүгін Жетісу облысында дүбірлі футбол мерекесі. Өйткені, «ALAÑ» бағдарламасы аясында біз екінші футбол алаңының тұсауын кестік. Күні ертең Шымкенттегі «Цементник» стадионындағы қайта жаңғырған алаңды пайдалануға береміз. Біздің Қазақстан футболын дамыту стратегиямызда көрсетілген басты міндеттер балалар футболын дамытып, бұқаралық футбол үшін қолайлы жағдай жасау. Алда үлкен мақсат тұр. Сондықтан, бірге қол жеткізейік!» — деді ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов.

Жаңа алаң футболшылардың көңілінен шықты. Ашылу салтанатынан бөлек, «Жетісу» футбол клубының тәрбиеленушілері мен Көксу ауданының ойыншылары арасында жолдастық ойын ұйымдастырылды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz