Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы шешуші матчтарының өтетін орны белгілі болды

Екі ойын да  «Астана Арена» стадионында өтеді. Аренаға кіру тегін.

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы шешуші матчтарының өтетін орны белгілі болды. Ойындар УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңі аясында өтеді деп жоспарланған. Қазақстан әйелдер құрамасы 1 және 5 желтоқсан күндері УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің қорытынды матчтарында Эстония және Армениямен кездеседі. Бүгін құрама футболшылары алдағы ойындарға қызу дайындықты бастап кетті.

Эстонияға қарсы матч 1 желтоқсанда Астана уақытымен 20:00-де өтеді. Артынша 5 желтоқсанда Арменияға қарсы матч жоспарланған. Ойынның басталуы – 21:00-де.

Естеріңізге сала кетейік, төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен үшінші орында келе жатыр. Бұған дейін Мадияр Кембіловтің шәкірттері Эстония (0:0), Армения (2:1) және Израильге (0:2, 0:0) қарсы ойнады.

С лигасындағы бес топтың жеңімпаздары В лигасына өтеді. Екінші орын алған үш үздік команда В лигасында үшінші орын алған үш үздік командамен өтпелі ойындар өткізеді. Жеңімпаздар Еуропа іріктеу кезеңінде В лигасында ойнайды. Ал ұтылғандары С лигасының ойындарына қатысады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz