Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Мадияр Кембілов: «Мақсатымыз – Ұлттар лигасының келесі кезеңіне өту»

Әйелдер арасындағы Ұлттар лигасы аясында «Астана Арена» стадионында өтетін матчқа кіру тегін.

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Израильмен өткен екінші матч (0:0) туралы, сондай-ақ УЕФА Ұлттар лигасы аясында Эстония мен Арменияға қарсы өтетін ойындар жайлы айтып берді.

«Біз күткендей Израильмен екінші ойында қыздар қалпына келіп, бапталып, командаға капитанымыз Юлия Мясникова қосылды. Жақсы және сапалы ойын көрсеттік деп ойлаймын. Команда барын салды, біз 100 емес, 200 пайызға тырыстық.

Иә, қарсыластың мүмкіндіктері болды. Алайда біз де гол соғуға жақын болдық. Екі жүз пайыздық мүмкіндіктеріміз болды: бірі бірінші таймда, екіншісі матчтың соңында. Сол мүмкіндіктерді пайдаланғанымызда жеңіске жететін едік. Келесі ойынға дайындалуымыз керек. Бізді Эстония мен Арменияға қарсы екі маңызды ойын күтіп тұр. Тек жеңіс үшін ойнаймыз. Жанкүйерлерді қуантып, ел намысын абыроймен қорғайтын командамыз бар екенін көрсеткіміз келеді»,- дейді бапкер.

Сонымен қатар бас бапкер ойыншыларға байланысты қиындықтар бар екенін жасырмады.

«Біз біртіндеп қадам басып келе жатырмыз. Иә, бізде ойыншылар құрамына қатысты қиындықтар бар. Қазақстан чемпионатында бес команда ғана бақ сынаса, оның екеуі жас ойыншылардан тұрады. Алайда бәрі жақсы жаққа өзгереді деп ойлаймын.

Бұл турнирдегі мақсатымыз – Ұлттар лигасының келесі кезеңіне өту. Біз өз алаңымызда жеңіске жетіп, жарысты бірінші орынмен аяқтауымыз керек. Егер ол нәтижеге қол жеткізе алмасақ, екінші орын арқылы келесі жылдың ақпан айында өтетін плей-офф кезеңінде Ұлттар лигасының В лигасына өту мүмкіндігіне ие боламыз. Біз барлық жанкүйерлерді 1 желтоқсан мен 5 желтоқсанда «Астана Аренада» күтеміз және өз кезегімізде оларды өз ойынымызбен қуантуға тырысамыз», — деп қоса кетті Мадияр Кембілов.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz