«Қайраттың» Чемпиондар лигасының элиталық раундындағы алғашқы ойыны 11:2 есебімен аяқталды.
Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық раундының бірінші турында Косовоның «Приштина» командасын қабылдап, ірі жеңіске жетті. Кездесу 11:2 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды. Бесінші минутта «Қайрат» ойыншысы Альберт Ақбалықов өз қақпасына допты бағыттап, автогол соқты. Осылайша матчта қарсыластар бірінші болып есеп ашты.
Бұдан кейін алматылықтар жауапсыз жеті гол соқты. Гол авторлары: Педро Сантос (7-ші және 18-минуттар) және Диего Фаверо (9-шы және 17- минут) екі рет, Алиссон (7-минут), Денер Родриго (12-минут) және Эдсон (13-минут).
Екінші таймның басында Приштина сапынан Дрилен Мажаррей гол соқты. Оған Қайрат Денер Родриго (27-ші), Дуглас (29-шы), Алекс Виана (29-шы) және Кайо Руиздің (30-шы) дәл соққыларымен жауап берді. Алматылық клуб Чемпиондар лигасының элиталық раундындағы екінші ойынын бүгін, 30 қараша күні португалиялық «Бенфикаға» қарсы өткізеді. Ойын елорда уақытымен 22:00-де басталады.
«Қайрат» – «Приштина» (Косово) – 11:2
Голдар: Педро Сантос 7, 18, Алиссон 7, Диего Фаверо 9, 17, Денер Родриго 12, 27, Эдсон 13, Дуглас 29, Алекс Виана 29, Кайо Руис 30 – Альберт Ақбалықов 5 (автогол), Дрилен Маджаррай 24.
АФК «Қайрат»: Игита (К) – Эдсон, Диего Фаверо, Даурен Турсагулов, Кайо Руиз – Деннис Кавальканти (В), Денер Родриго, Альберт Ақбалықов, Педро Сантос, Дуглас Джуниор, Биржан Оразов, Игор Мартинс, Алекс Виана, Алиссон;