Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Григорий Бабаян: «Ұпай жинау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз»

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Конференция лигасының топтық кезеңінің бесінші турындағы ойыннан қандай нәтиже күтетіні жайлы ойымен бөлісті.

Командалар арасындағы ойын бүгін, 30 қараша «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч жергілікті уақыт бойынша 21:30-да басталады. Қазір қазақстандық клубтың еншісінде төрт ұпай бар және екінші орында тұр. Ал «Динамо» үш ұпаймен төртінші орынға жайғасты.

— «Динамо» бізге белгілі қарсылас. Турнир кестесінде үш команда – «Балкани», біз және «Динамо» — плей-оффқа шығу үшін күреседі және барлық мүмкіндіктер өз қолымызда. Тәртіпті қарсыласқа қарсы ойнайтынымызды түсінеміз. Шыдамдылық таныту өте маңызды.  «Динамоның»ойынында белгілі бір артықшылықтар бар. Бірақ бұл біз үшін ешқандай ақталу бола алмайды. Өз алаңымызда ойнаймыз, «Астана Аренадағы» соңғы матч. Жанкүйерлерге алғысымызды білдіргіміз келеді. Олардың саны көп болады деп сенеміз. Ұпай жинау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Соңғы екі айда «Динамо» айбынды қарсыласқа ұқсамайды. Сырттай қарағанда, клуб қыркүйекте өткен Загребтегі матчпен салыстырғанда бабын жоғалтқан сияқты. Бұл ойыншыларыңыздың сенімділігіне оң әсер ете ме?

— Біз барлық ойындарды талдап, тамашаладық. Әрине, олар толығымен үстемдік еткен ойындар болды. Кейде сәтсіздікке ұшырап жатты. Бірақ мен өз ойынымызға көбірек көңіл бөлгім келеді. Жігіттер мен біз қарсыластың әлсіз және күшті жақтарын көреміз деп айтамыз. Сондықтан бұл өте маңызды. Өз ойынымызға назар аударуымыз керек. Ал «Динамоның» мықты команда екендігі тіпті талқыланбайды. Қалай болғанда да, бұл өз алаңымызда өтетін ойын.

— Қазақстан құрамасы ойыншыларының соңғы матчтардан кейінгі жағдайы қалай? Алаңға шығуға дайын ба?

— Барлығы дайын емес. Аслан Дарабаев сауыққан жоқ, Александр Заруцкийде мәселелер бар. Ол үш күн жаттығуды өткізіп алды. Олардың моральдық-психологиялық жағдайын айтар болсақ, алғашқы үш-бес күн бәрімізге ауыр болды. Барлығы үмітпен өмір сүрді, тамаша ойын көрсетті, барша Қазақстан үміттенді. Өкінішке қарай, Еуропа чемпионатына жолдама алу мүмкін болмады. Әрине, жағдай жақсы болған жоқ, бірақ ойыншылармен сөйлесіп, енді ұлттық құраманы ұмытып, бар ойын командаға аудару керектігін талқыладық. Біздің топтан шығуға толық мүмкіндігіміз бар. Менің ойымша, жігіттер мұны түсінді.  Соңғы жаттығуларда олардың көңіл-күйлерінің жақсы екенін байқадым. Бұл өте маңызды.

 — Еурокубок науқаны барысында сіз сынға ұшырадыңыз. Бұл қысымға қалай төтеп бересіз?

Әрине, футболда сын айту қалыпты жағдай. Мен сынды қабылдаймын. Бұл мені одан да көп жұмыс жасауға жігерлендіреді. Бірақ, сынның да түр-түрі болады. Кейбірі әлеуметтік желіде неше түрлі жағымсыз нәрселерді жазады. Көбінесе бұл адамдар, олар қалай аталушы еді, боттар? Сын көп. Бірақ мұны байсалдылықпен қабылдаймын. Астанада көп жылдар бойы жұмыс істеп келемін және үнемі қысымға төтеп беруім керек екенін түсінемін. Егер мұны жеңе алмасаң, онда бапкер болудың қажеті жоқ. Ең бастысы, бұл сынның орынды болуы.

— Кеше тарихи күн болды: «Астананың» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңгеніне тура төрт жыл. Қазіргі команда сол жетістіктерін қайталап, атын тарихта қалдыруға дайын ба?

— Солай деп үміттенемін. Бірақ, күтейік.

— «Динамомен» өткен бес кездесудің бесеуінде де ұтылып, бір ғана гол соқты. Мұның алдағы ойындарға психологиялық тұрғыдан әсері бар ма?

Жоқ, маңызды емес. Соның бәрін талдадық, қарадық, қателіктерімізді көрдік. Өз алаңындағы матчта көптеген мүмкіндіктерге ие болдық. Бірақ біз оған тоқталмаймыз. Өйткені мұндай нәрселер көп энергияны қажет етеді. Біз үшін позитивті нәрселерге назар аудару маңызды.

— Егер плей-офф кезеңіне шықсаңыз, күнтізбені ескере отырып келесі маусымға дайындалу қаншалықты қиын болады?

Плей-офф кезеңі ақпан айында екенін білемін, дайындалуға көп уақыт жоқ. Бірақ мен алдын ала болжам жасағым келмейді. Алдымен алаңға шығып, ойынымызды көрсетейік. Ең қиыны соңғы қадам.

— Қарсыластардан Шабуылшы Бруно Петкович қайта оралды. «Астанамен» өткен ойындарда командасына көп пайда әкелді. Оны қалай бақылауда ұстайсыздар?

— Иә, соңғы матчта ол қайта оралғаннан кейін алғаш рет «Осиекке» қарсы ойында 90 минут ойнады. Оның керемет шабуылшы екенін білеміз. Әрине, оған ерекше назар аудару керек. Айып алаңында жақсы ойнайды. Барымызды саламыз.

— Сіздің команданың алдағы матчтың қорытындысы бойынша топтан шығуға теориялық мүмкіндігі бар. Бұл ойыншылармен оларды одан әрі ынталандыру үшін талқыланды ма?

— Жыл бойы өз есімімізді тарихта қалдыруға толық мүмкіндігіміз бар екенін айтып келеміз: топтық кезеңге өтіп, одан кейін плей-офф кезеңіне шығу. Бұл, ең алдымен, ойыншылардың еңбегі. Олардың Конференция лигасы тобынан өтуге мүмкіндігі бар. Бірақ алдымен жеңейік. Ал басқа матчта бәрі ойдағыдай болуы керек. Мен ешқандай қысымды қаламаймын. Біз бар күшімізді саламыз.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» алдағы матчтың қорытындысы бойынша топтан ерте шығуы мүмкін. Ол үшін Бабаянның шәкірттері «Динамоны» жеңуі керек. Сонымен қатар «Викторияның» «Балканиді» жеңуі қажет.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz