Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Еліміздің үздік теннисшісі биылғы маусымда қанша табыс тапты?

Үздік теннисшілердің биыл қанша табыс тапқаны және қазақстандықтардың миллионерлер рейтингінде қандай орын алғаны белгілі болды.

Маусым соңында 24 елдің 52 теннисшісі 1 миллион доллар және одан да көп ақшалай жүлдені жеңіп алды. Егер құрлық бойынша айтсақ, ең бақытты Еуропа өкілдері болды (33). Одан кейін Солтүстік Америка (11), Оңтүстік Америка (4), Азия (3) және Океания (2). Ел бойынша есептейтін болсақ, өткен жылдың теннис миллионерлерінің көпшілігі АҚШ-та (10), Ресейде (5), Италияда (4), Сербияда, Испанияда, Аргентина мен Францияда (3-тен) тұрады. Бұл тізімге Қазақстаннан бір ғана теннисші енген.

2023 жылағы ең табысты қазақстандық ойыншылардың тізімін Александр Бублик бастап тұр. Маусым бойы ол жекелей 52 матч өткізіп, 1,57 миллион доллар сыйақы алды. Оның еншісінде 24 жеңіс және 28 жеңіліс бар. Еліміздің бірінші ракеткасы бір матчтан орта есеппен 28,8 мың доллар табыс тапқан екен. Ол үшін ең табысты корттар неміс Галле (446 мың доллар) және ағылшындық Уимблдон (262 мың доллар) корттары болды. 2023 жылдың соңында Александр Бублик миллионерлердің жалпы тізімінде 26-шы орынды иеленді. Биылғы маусымның мансабындағы ең нәтижелі екенін теннисшінің өзі де жасырмады.

«Шынында да бұл мен үшін үздік маусым болды. Осыған дейін мұндай титулдарға ие болған жоқпын. Оның үстіне рейтингте бұлай көтерілмеп едім. Дегенмен жыл бойы қиындықтар болмай қалған жоқ. Өз ойынымды табу қиынға соқты. Тек Галле турнирінде ұзақ уақыт бойы жаттыққанымның жемісін көре алдым. Тұрақты өнер көрсеттім. Сөйтіп өз спорттық жолымдағы үздік нәтижеге қол жеткіздім», — деді Александр Бублик.

Еліміздегі ең табысты теннисшілердің бейресми рейтингінде келесі орында Тимофей Скатов (137-орын) – 321 мың доллар, Михаил Кукушкин (223) – 134 мың доллар, Бейбіт Жұқаев (259) – 94 мың доллар, Денис Евсеев – 78. мың доллар.

2023 жылғы ең табысты 10 теннисші (доллармен):

  1. Новак Джокович (Сербия) — 15,9 миллион;
  2.  Карлос Алькарас (Испания) — 10,7 миллион;
  3. Даниил Медведев (Ресей) — 9,2 миллион;
  4.  Янник Синнер (Италия) — 8,2 миллион;5
  5.  Андрей Рублев (Ресей) — 5,1 миллион;
  6.  Александр Зверев (Германия) — 4,8 миллион;
  7.  Стефанос Циципас (Грекия) — 4,7 миллион;
  8.  Хольгер Руне (Дания) — 4,1 миллион;
  9. Хуберт Хуркач (Польша) — 3,8 миллион;
  10. Тейлор Фриц (АҚШ) — 3,3 миллион.

«Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін жеңімпазы Новак Джокович 2023 жылы 15 952 044 доллар сыйақы алды. Бұл тарихтағы бесінші нәтиже! Ресми рекорд та серб теннисшісіне тиесілі. 2015 жылы ол әлемдік теннис тарихында бір маусымда 20 миллион доллардан астам табыс тапқан жалғыз ойыншы болды!

1.Новак Джокович (2015) — 21,1 миллион

2.Энди Маррей (2016) — 16,4 миллион

3. Рафаэль Надаль (2019) — 16,3 миллион

4.Новак Джокович (2018) — 15,96 миллион

5.Новак Джокович (2023) — 15,95 миллион

Сербиялық Новак Джокович спорттық мансабында ATP сериясындағы турнирлерден табысы 180 миллион доллардан асатын әлемдегі жалғыз теннисші болып қала береді. Жалпы алғанда, корттарда 1 миллион доллар немесе одан да көп табыс тапқан ойыншылардың тізімінде әлемнің түкпір-түкпірінен 773 теннисші, олардың арасында үш қазақстандық бар.

Біздің елде АТР турнирлерінде ең көп жүлдені Михаил Кукушкин алды. Оның жалпы табысы 6,9 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша 35 жастағы теннисші әлемдік рейтингте 155-ші орында тұр. Одан кейінгі орында 28 жастағы Александр Бублик – 5,8 миллион доллар (178). Қазақстандық теннис миллионерлерінің үштігін 36 жастағы Андрей Голубев түйіндейді – 3,3 миллион доллар (317).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz