Классикалық шахматтан нокаут жүйесі бойынша өткізілген Қазақстан Кубогының финалы армениялық гроссмейстер Мануэль Петросянның жеңісімен аяқталды.
Мануэль Петросян кездесудің бірінші партиясында жеңіске жетті. Екінші партияда Мануэльдің қарсыласы басымдықты қолға алғысы келгенімен, армениялық шахматшы қарсыласының қысымына сәтті тойтарыс берді. Ал 29-шы жүрісте кездесудің нүктесі қойылды. Жас ирандық шахматшы Бардия Данешвар екінші орын иеленді.
Үшінші орынның тағдыры қазақстандық гроссмейстер Мұртас Қажғалеев пен Денис Махнев арасындағы кездесуде шешілді. Ұзақ уақытқа созыған ойын тайбрейкке (алғашқы кездесу тең аяқталды) ұласатындай көрінді. Матчтың екінші ойыны теңдік шеңберінен шықпады. Бірақ ойында Қажгалеев қателікке жол бердіү. Мұны қарсыласы шебер пайдаланып, таразы басын өз пайдасына аударып үлгерді. Тартысты өткен ойында Денис жеңіске жетті, Мұртас төртінші орынға жайғасты.
Ал әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогын иемдену үшін өткен күресте Алуа Нұрманованың айқын фаворит екендігі күмән тудырмай, фаворит өзінің артықшылығын сенімді түрде дәлелдеді. Қорытынды есеп – 2:0.
«Зарина Нұрғалиеваның Қазақстан Республикасының кубогінде күміс медаль иеленуі сөзсіз тамаша жетістік. Серіктестеріміз спортшыларымыз үшін оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға, халықаралық турнирлер мен чемпионаттарға қатысуға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Оларға алығысымыз шексіз», — деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.
Үшінші орын үшін тартыс тең дәрежеде өтті. Ольга Илюшина мен Аяулым Қалдарова алдымен жеңіспен алмасты. Нәтиже тайбрейкте анықталды. Қазақстандық шахматшы рапидте сенімдірек көрінді. Екі ойында да Аяулымның артықшылығы көзге түсті. Сонымен, Қалдарова қола жүлдегер атанса, гроссмейстер Ольга Илюшина төртінші орынға ие болды.