Қазақстан жастар құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын бүгін, 10 желтоқсанда Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.
10 және 16 желтоқсанда Будапеште IA дивизиондағы жастар әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан жастар құрамасы Аустрия, Венгрия, Франция, Жапония және Дания командаларымен бірге әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама үшін сынға түседі. Оқу-жаттығу жиындардың қорытынды кезеңі аяқталды. Дайындық барысында біздің командамыз Венгрия және Франция командаларына қарсы екі бақылау матчын өткізіп, екі кездесуде де жеңіске жетті.
Бапкерлер штабы турнирге қатысатын ойыншылар құрамымен таныстырды. Тізімге 23 ойыншы – 20 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы кірді.
Әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Владимир Никитин (Chilliwack Chiefs, BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор», ЖХЛ), Артем Шестаков («Снежные барсы, ЖХЛ)
Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Даниал Шакшакбаев («Номад», Астана)
Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Александр Ким, Давлат Нуркенов (екеуі – «Assat», Финляндия), Всеволод Логвин, Руслан Оспанов (екеуі – «Барыс»)
Бас бапкер: Сергей Старыгин
Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі (басталуы Астана уақытымен көрсетілген):
10 желтоқсан, 21:00 – Венгрия – Қазақстан
11 желтоқсан, 12:00 – Қазақстан – Дания
13 желтоқсан, 17:30 – Қазақстан – Франция
14 желтоқсан, 17:30 – Қазақстан – Жапония
17 желтоқсан, 00:30 – Аустрия – Қазақстан