Халықаралық бокс қауымдастығы Дубайда өткен IBA конгресінде ұйымнан шығарылған елдерді жариялады.
Отырыста 81 пайыз дауыс Чехия бокс қауымдастығын шығаруды қолдады. Германия, Швеция және Нидерланды қауымдастығы да ресми түрде ұйымның тізімінен алынып тасталды. Бұған дейін Германия, Швеция және Нидерландының өзі Халықаралық бокс қауымдастығынан шығатынын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар IBA президенті Умар Кремлев Рим Папасы Францискпен кездесіп, өз сөзінде қазіргі әлемдегі дін мен спорттың тығыз байланысын атап өткен және понтификке шағын ринг түріндегі сыйлықты табыс етті.
Кремлев ХОК президенті Томас Бахты ұйымдағы жемқорлыққа байланысты Халықаралық Олимпиада комитетіндегі қызметінен босатуға шақырды.
Ал АҚШ бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) құрамына енді. Бұған қауымдастық мүшелерінің 86 пайыздан астамы дауыс берді. Жаңа ұйымды бес салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Рой Джонс басқарады.
Естеріңізге сала кетейік, USA Boxing негізгі федерациясы IBA-дан шыққаннан кейін бірден құрылған. Осы жылдың сәуір айында америкалық федерация IBA-дан шығу туралы шешім қабылдап, ұйымның Олимпиадалық қозғалысты құрметтемейтінін және ХОК талаптарын орындамайтынын түсіндіріп, ресейлік және беларусь спортшыларын жарыстан шеттету туралы шешімнің күшін жойды. Сонымен қатар, USA Boxing Ұлыбританиямен бірлесіп World Boxing атты жаңа ұйым құрған болатын. Сондай-ақ, бұрын да ұйымнан шыққан Швейцария бокс федерациясы IBA-ға қайта оралды.