Жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы айдын қожайындары – Венгрия құрамасымен кездесті.
Матчта 4-минутта Давлат Нұркенов есеп ашты. Көп ұзамай Егор Смолянинов есепті еселеді. Екінші кезеңнің соңына қарай қарсыластар есепті теңестіре білсе, үшінші кезеңде хоккейшілеріміз басымдықты қолға алды. Жастар құрамасы сапынан Артем Авдеенко мен Всеволод Логвин соқты гол соқты. Ал 57-минутта Логвин дубль авторы атанып, матчтың нүктесін қойды. Осылайша Қазақстан жастар құрамасы 5:2 есебімен турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Венгрия – Қазақстан – 2:5 (1:2, 1:0, 0:3)
0:1 – 03:36 — Нұркенов (Оразов, Ким)
0:2 – 12:14 — Смолянинов (Ермак, Оспанов)
1:2 – 13:26 — Михалик (Добош)
2:2 – 38:16 — Добош (Хисл, Байко)
2:3 — 48:47 — Авдеенко (Нұркенов)
2:4 – 52:40 — Логвин (Хан, Ермак)
2:5 – 57:13 — Логвин Г.М
Қақпашылар: Хегедюш – Никитин
Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сапынан шабуылшы Давлат Нұркенов үздік ойыншы деп танылды. Ол «+1» пайдалылық көрсеткішімен 2 (0+2) ұпай жинады. Енді 11 желтоқсанда Сергей Старыгин шәкірттері Данияға қарсы ойнайды. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.