Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағын қорғады

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты кездесуінде Жанқош Тұраровтың қарсыласы жапониялық Акихиро Кондо (37-11-2, 21 КО) болды.

33 жастағы қазақстандық Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) сәтті өнер көрсетті. Ол Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, бірден екі нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды.

Жеңіліс көрмеген Тұраров Кондодан мықты болып шықты. 12 раундтан кейін төрешілердің бірауыздан шығарған шешіммен жеңіске жетті – 118:110, 120:108, 118:110. Осы табысының арқасында Жанқош IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сенімді қорғап, WBA Gold титулын да жеңіп алды.

38 жастағы Кондо Жапониядан тыс жерде бір ғана жекпе-жек өткізген. 2017 жылдың қарашасында ол IBF әлем титулына үміткер болды. Бірақ қазақстандық Сергей Липинецке (ол кезде Ресейдің атынан шыққан, 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан шығады) жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек кешіне бокстан тағы бір қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) қатысты. Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жерлесі Жанқош Тұраровты (27-0, 20 КО) қолдауға келген.

Бокс кеші аясында барлығы 10 жекпе-жек өтті. Солардың бірі әйелдер арасында Балауса Муздиман (2-0) мен мысырлық Мариям Габриге (3-0, 2 КО) қарсы — 6 раунддық жекпе-жек. Дегенмен Балауса Мариям Габриді үшінші раундта нокаутқа түсірді.  Осылайша Муздиман кәсіпқой бокстағы  үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz