Польскийдің бұл қызметке сайлануындағы шешуші фактор Қазақстан теннис федерациясының 16 жыл бойы жүргізген реформалары болды.
Қазақстандық Юрий Польский алдағы 4 жылға ATF (Азия теннис федерациясы) президенті болып сайланды. Сайлау сейсенбіде Бангкоктағы ATF бас сессиясы аясында өтті.
Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан тағы үш маман ATF президенті болуға үміткер болды. Сайлау барысында Юрий Польский ең көп дауыс жинады. Яғни 55 — тен 34-сайлаушы өз даусын Польскийге берді.
Сонымен қатар Юрий Польский ATF Президенті болғаннан кейін Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін басқарады. Онда ол соңғы 4 жылда вице-президент қызметін атқарған болатын.
Сайлаудың негізгі факторы соңғы 16 жылда Қазақстан теннис федерациясы жүргізіп келе жатқан реформалар болды. Бұл тәжірибемен Қазақстан теннис федерациясының өкілдері өңірлік бастамалар шеңберінде бөліседі және осыған ұқсас өзгерістер 44 елде теннисті дамыту үшін зор әлеуетке ие Азия өңірі елдерінде жоспарланған.