Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында көш бастады

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші ойынын Франция құрамасына қарсы өткізді.

Осы кездесуге дейін үш команда бірдей ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға үміткер еді: француздар, аустриялықтар және біздің құрама екі мәрте жеңіске жеткен. Бүгінгі ойыннан кейін хоккейшілеріміз тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. Франция мен Аустрия құрамаларында алты ұпайдан бар. Дания, Венгрия және Жапония әлі бір де бір ұпай жинай алған жоқ.

Бірінші кезеңде Давлат Нұркенов есеп ашты. Ойынның екінші кезеңінде Егор Смолянинов басымдықты еселей түсті. Ойынның аяқталуына 7 минут қалғанда Давлат Нұркенов дубль жасады. Ал Александр Ким кездесудің нүктесін қойды – 4:0.

Қазақстан – Франция – 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

1:0 — 08:48 — Нұркенов (Бреус, Бейсембаев)

2:0 — 31:19 — Смолянинов (Ермак, Логвин)

3:0 — 52:10 — Нұркенов (Ким, Оразов)

4:0 — 53:59 — Ким (Смолянинов, Ляпунов)

Қақпашылар: Никитин – Келлер

Осылайша Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Франция құрамасы гол соға алмады. Матч аяқталған соң кездесуге байланысты Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин пікір білдірді.

«Әдеттегідей. Әлем чемпионатында барлық матчтар қиын. Франция құрамасы да осыған дейін екі матчта жеңіске жетті. Әркімнің белгілі бір артықшылығы бар. Бірінші кезеңде бүгінгі біздің осал жеріміз байқалды. Дегенмен, барлық көрсеткіштер бойынша екінші және үшінші кезеңде жеңіске жеттік. Жалпы алғанда, жігіттер шыдамдылық танытты. Жақсы матч болды», — деді Старыгин.

Сергей Старыгин шәкірттері келесі кездесуін ертең Жапония құрамасына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 17:30-да басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz