Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды. MMA Salaries мәліметтері бойынша, бұл жекпе-жек үшін Шавкат мансабындағы ең үлкен гонорар – 306 мың доллар (150 мың кардқа шыққаны үшін, 150 мың доллар – жеңіске жеткені үшін, тағы 6 мың долларды демеушілік бонус ретінде) алды. Бұл қазіргі курс бағамы бойынша 141 миллион теңгені құрайды.
Алайда оның қарсыласы жеңілгеніне қарамастан одан да көп сыйақы алып отыр. Томпсонның гонорары 416 мың долларды құрады (жекпе-жекке шыққаны үшін 400 және демеушілер тарапынан ынталандыру 16 мың доллар). Америкалық өз мансабында алғаш рет қылқындыру әдісінен кейін жеңілді.
MMA Salaries мәліметі бойынша спортшылардың алған сыйақысы:
Леон Эдвардс – 1 642 000 доллар
Александр Пантожа – 942 000 доллар
Колби Ковингтон – 782 000 доллар
Коди Гарбрандт — 511 000 доллар
Стивен Томпсон – 416 000 доллар
Шавкат Рахмонов – 306 000 доллар
Пэдди Пимблет — 304 500 доллар
Тони Фергюсон – 271 000 доллар
Джош Эмметт — 261 000 доллар
Брэндон Ройвал – 182 000 доллар
Шамиль Газиев – 66 000 доллар
Тагир Ұланбеков – 34 500 доллар
Айта кетейік, Джефф Нилмен жекпе-жек туралы ресми ақпарат бар — Шавкаттың өзі сол кезде шамамен 200 000 доллар алғанын айтты.
Сондай-ақ қазақстандық спортшы тарихқа енді. Ол қатарынан алты жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Қазіргі таңда Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде бесінші, Томпсон алтыншы орында тұр.