Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Шакват Рахмонов UFC-ден қанша гонорар алады?

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды. MMA Salaries мәліметтері бойынша, бұл жекпе-жек үшін Шавкат мансабындағы ең үлкен гонорар – 306 мың доллар (150 мың кардқа шыққаны үшін, 150 мың доллар – жеңіске жеткені үшін, тағы 6 мың долларды демеушілік бонус ретінде) алды. Бұл қазіргі курс бағамы бойынша 141 миллион теңгені құрайды.

Алайда оның қарсыласы жеңілгеніне қарамастан одан да көп сыйақы алып отыр.  Томпсонның гонорары 416 мың долларды құрады (жекпе-жекке шыққаны үшін 400 және демеушілер тарапынан ынталандыру 16 мың доллар). Америкалық өз мансабында алғаш рет қылқындыру әдісінен кейін жеңілді.

MMA Salaries мәліметі бойынша спортшылардың алған сыйақысы:

Леон Эдвардс – 1 642 000 доллар

Александр Пантожа – 942 000 доллар

Колби Ковингтон – 782 000 доллар

Коди Гарбрандт — 511 000 доллар

Стивен Томпсон – 416 000 доллар

Шавкат Рахмонов – 306 000 доллар

Пэдди Пимблет — 304 500 доллар

Тони Фергюсон – 271 000 доллар

Джош Эмметт — 261 000 доллар

Брэндон Ройвал – 182 000 доллар

Шамиль Газиев – 66 000 доллар

Тагир Ұланбеков – 34 500 доллар

Айта кетейік, Джефф Нилмен жекпе-жек туралы ресми ақпарат бар — Шавкаттың өзі сол кезде шамамен 200 000 доллар алғанын айтты.

Сондай-ақ қазақстандық спортшы тарихқа енді. Ол қатарынан алты жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Қазіргі таңда Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде бесінші, Томпсон алтыншы орында тұр.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz