Шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасының көрме турнирінің үшінші күніндегі матчтарға қатыса алмады.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Рыбакина ауырып қалған. Сондықтан ұйымдастырушылар оның орнына тез арада басқа теннисші іздеуге мәжбүр болды. Оның орнына « Falcons» сапында ресейлік Вера Звонарева ойнады. Әзірге спортшының денсаулығына қатысты қандай мәселелер туныдағаны белгісіз. Елена турнирге Falcons командасының құрамында Сорана Кырстя, Тейлор Фриц және Сумит Нагалмен бірге қатысып жатқан.
Жарыстың үшінші күні беларусь теннисшісі Арина Соболенко (WTA рейтингінде 2-орын) Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасының командалық көрме турнирінде польшалық Ига Швентекті (1-орын) жеңді. Матч бір сеттік форматта өтіп, 6:4 есебімен Соболенконың жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 34 минут уақыт өткізді. Арина Соболенконың жеңісінің арқасында оның командасы қарсыластарынан алға шықты.
Айта кетейік, 1 қаңтар күні Брисбенде (Аустралия) 2024 жылғы маусымның WTA турының бірінші ресми турнирі басталады. Онда Елена Рыбакина да өнер көрсетеді.