Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Брисбенде (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 турниріндегі жартылай финалдық кездесуін сәтті аяқтады.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 40-шы орында тұрған чехиялық Линда Носкованы еш қиындықсыз жеңді. Рыбакинаға жеңіске жету үшін бір сағат бес минут жеткілікті болды. Қорытынды есеп (6:3, 6:2). Финалда Елена белорусь дербиінің жеңімпазы Арина Соболенко – Виктория Азаренко арасында өтетін кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Бұған дейін Рыбакина аустралиялық теннисші Оливия Гадекені (124-орын), бельгиялық Элиза Мертенсті (30-орын) және ресейлік Анастасия Потапованы (28-орын) жеңген болатын. Осылайша қазақстандық теннисші өзінің мансабындағы WTA турнирінің 15-ші финалына шығып, жаңа жетістіктің авторы атанды.
Рыбакина алғаш рет 2019 жылы шілдеде Бухарестте өткен турнирдің финалына шықты. Содан бері екі теннисші ғана WTA турнирлерінде финалға шыға алды. Мұндай көрсеткіштердің рекордшылары – польшалық Ига Швентек (21 финал) және беларуссиялық Арина Соболенко (19 финал).
Сонымен қатар бүгінгі жеңістен кейін Лена WTA Live рейтингінде үшінші орынға көтерілді! Рыбакина тағы да Коко Гауфты басып озды. Бірақ, үшінші орын үшін күрес әлі де жалғасуда. Екеуі де финалға шықты – Рыбакина Брисбенде, Гауфф Оклендтегі турнирде. Егер екі теннисші де жеңіске жетсе Елена 6811 ұпаймен үшінші, Гауфф 6660 ұпаймен төриінші орынға жайғасады. Екі теннисші де жеңіліс тапқан жағдайда бұл көрсеткіш өзгермейді. Ал Рыбакина Брисбенде финалда жеңілсе, Гауфф Окленде жеңіске жетсе, Елена қайта әлемнің төртінші ракеткасы позициясына түседі.