Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Алматыда АТР 250 теннис турнирі өтеді

Almaty Open ATP  турнирінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы Астанадан Алматыға бірінші ATP 250  турнирін ауыстыруды бекітті. АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес Almaty Open  2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр, өйткені өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады.  Almaty Open тек ауқымды спорттық шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena  аумағында мерекелік көңіл-күй орнатып, ерекше күш-қуат сыйлауға жәрдемдеседі», — деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.
ATP 250  жарысы – шынында да әлемнің 30 елінде өтетін ауқымды спорт оқиғаларының бірі. Аталмыш санатқа 40 турнир кіреді, онда жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады. Алдағы Almaty Open ATP  турнирінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.

Бірінші жыл сайынғы ATP 250 турнирі Астанада 2020 жылы өткізілді. 2022 жылы турнир деңгейі бір рет ATP 500-ге көтерілді. Онда қатысушылар кілең жұлдыздар еді: Новак Джокович, Стефанос Циципас, Даниил Медведев, Карлос Алькарас, Хуберт Хуркач, Андрей Рублев және басқалар.  Қазақстандық жарыс жыл сайын 110-нан астам ел аумағында көрсетіледі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz