Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Футболдан Қазақстан жастар құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Танымал қазақстандық маман Константин Горовенко 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Горовенко футболшы кезінде «Қайрат», «Қайнар», «Жеңіс», «Алма-Ата», «Сұңқар», «Мегаспорт» сынды клубтарда ойнаған. 2000-2001 жылдары Қазақстан құрамасының намысын қорғап, 6 кездесу өткізіп, 3 гол соққан.

Бапкерлік мансабын «Сұңқар» ФК бас бапкерінің көмекшісі болып бастады. Ол сондай-ақ «Қайрат» ФК жастар командаларында жұмыс істеді. 2017 жылы Горовенко дебюттік маусымында алматылық клубтың фарм-командасын Қазақстан Бірінші лигасының қола жүлдесіне алып келді.

2018-2020 жылдары «Жетісу» ФК екінші командасын жаттықтырған. 2020 жылы Қарағандының «Шахтерын» баптады. Сол маусымда Горовенконың жетекшілігімен кеншілер Премьер-лигада төртінші орын алып, еурокубок жолдамасын жеңіп алды. 2021 жылы «Мақтаарал» ФК бас бапкері болып тағайындалды. Команда Бірінші лиганың күміс жүлдегері атанып, Премьер-лигаға жолдама алды. Горовенко сонымен қатар «Атырау» және «Каспий» клубтарын жаттықтырған.

Айта кетейік, Константин Горовенкоға Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Елдос Ахметов көмектеседі. Толық жаттықтырушылар штабы кейінірек жасақталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz