Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы мен ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке грек футболшысы Илиас Хадзитеодоридистің азаматтық алу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс түсті.
Бүгінгі күннің ең ерекше жаңалығы, Лондондық «Арсеналының» түлегі Қазақстан құрамасында ойнағысы келеді. Бұл туралы Магомед Адиев те өз пікірін білдірді.
“Мен ұлттық құрамаға сырттан футболшы алдырғым келмейтінін қайталаудан шаршамаймын. Бұл сұрақты қоюдың ешқандай мәні жоқ. Сіздер меннен қандай пікір күтесіздер? Баяғы жартас сол жартас демекші, айналдырып келіп бір мәселені қозғай бересіздер. Мен натурализацияға қарсы адамдар қатарындамын. Біз қарамағымызда бар футболшылармен ғана өнер көрсетеміз”, — деді Адиев.
Грекиялық қорғаушы Илиас Хадзитеоридистің агенттері Қазақстан футбол федерациясына ойыншыны ұлттық құрамада ойнату туралы ұсыныспен жүгінді және оның өзі ҚПЛ-ға ауысуға дайын. Хадзитеоридистің ата-анасы Түркістан облысында дүниеге келген. ФИФА ережелері бойынша бұл оған Қазақстан құрамасында ойнау құқығын береді. Бірақ ол құжаттарды дұрыс толтырып, грек паспортынан бас тартуы керек.
26 жастағы Хадзитеоридис мансабын Англияда бастады. Ол Лондон Арсеналының» жастар және жасөспірімдер құрамалары үшін ресми турнирлерде 44 ойын өткізді. Содан кейін төртінші лигадан «Брентфорд» (сол кезде әлі чемпионат) пен «Челтенхэмде» өнер көрсетті.
2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін Хадзитеоридис «Панатинаикоста» ойнады. Ал өткен маусымнан бастап ол «Панатоликос» сапында өнер көрсетіп, осы маусымда 12 матчта 1 гол соққан. Аталмыш клуб 14 команданың ішінде 11-ші орында тұр. Хидзитеоридистің негізгі позициясы сол жақ қорғаушы. Бірақ ол өз мансабында сол және оң қапталда жартылай қорғаушы болып ойнады.