Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тайпейді ойсырата ұтты

Жасөспірімдер Олимпиадасында 3х3 хоккей турнирінің топтық кезеңінің үшінші ойын күні аясында Қазақстан құрамасы екі кездесу өткізді. Даниялылықтарға қарсы өткен бірінші ойын тартысты өтті. Алғашқы кезеңнің соңына қарай хоккейшілеріміз 3:1 есебімен алға шыққанымен, екінші кезеңде қарсылас есе қайтарып, командалар үшінші кезеңге тең есеппен шықты. Есеп 4:4 болғанда, даниялықтар басымдыққа қолға алып, нәтижесінде жеңіске жетті.

Қазақстан – Дания 6:8 (3:1, 1:3, 2:4)

Тайпейге қарсы келесі кездесу хоккейшілеріміздің айқын басымдығымен өтті. Бірінші кезеңде-ақ 7 гол соғылса, қарсылас бір рет көзге түсті. Екінші кезеңде айтулы оқиғалар бола қойған жоқ. Үшінші кезеңде қазақстандық жастар 6 гол соғып қана қоймай, қарсыластардың гол соғуына мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп 14:2. Осылайша еліміздің жас хоккейшілері тайпейліктерді ойсырата ұтты.

Тайпей – Қазақстан 2:14 (1:7, 1:1, 0:6)

Топтық кезең аясында ел құрамасының Испания мен Ұлыбританияға қарсы тағы екі ойыны бар. Плей-офф кезеңіне шығу үшін тек екі жеңіс қана емес, нәтиже Польша құрамасының турнирлік кестенің көшбасшылары — Дания, Латвия және Аустриямен қалай ойнайтынына байланысты болмақ.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz