Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Қазақстандық спортшылар Еуропа чемпионатында сынға түседі

2024 жылдың 27-28 қаңтар аралығында Әзірбайжан астанасы – Баку қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Еуропа чемпионаты өтеді.

Ұлттық құндылығымыз әрі төл спортымыз – қазақ күресі насихатталатын бұл чемпионат Баку қаласындағы «Sarhadchi» олимпиадалық спорт кешенінде өтеді. Кәрі құрлық біріншілігіне Еуропаның 15-ке жуық елінің балуандары қатысып, өзара кіл мықтыны анықтайды. «Біріккен Күрес әлемі» (UWW) аясындағы жарыстың бағдарламасына сәйкес ерлер 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100, ал әйелдер 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77, +70 келі салмақ дәрежесінде белдеседі.

Айта кетейік, 2024 жылғы күрес маусымы қаңтар айында басталды. 2024 жылдың кульминациясы Париждегі Олимпиада ойындары болмақ. Сонымен қатар, күрес спорты өкілдері рейтингтік сериялы турнирлерге, Гран-приге, құрлық біріншіліктеріне және Олимпиадалық іріктеу турнирлеріне қатысуда.

Қазақстандық еркін күресшілер Франция Гран-приінен медаль алып келді. Ниццада қазақстандық еркін күресшілер бақ сынаған Анри Деглан Гран-приі өтті. Рифат Сайботалов (70 келі) пен Ерхан Бексұлтанов (79 келі) қола, Әбдіманап Байгенжеев (92 келі) күміске қол жеткізді. Сонымен қатар, Байгенжеев еркін күрестен МСМК стандартын (Халықаралық дәрежедегі спорт шебері) орындады. 19 қаңтар күні басталған турнир 21 қаңтар күні мәресіне жетті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz