Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Australian Open. Асылжан Арыстанбекова ¼ финалда

Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова беларусь Юлия Перепихинамен жұптық сайыста жасөспірімдер арасындағы Australian Open 2024 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстан-Беларусь дуэті жапониялық Хаю Киношита/Вакана Сонобэ жұбынан мықты болып шықты. Арыстанбекова мен Перепихина 6:4, 2:6, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Асылжан мен Юлия жартылай финалға шығу үшін британиялық Ханна Клугман/Мими Сю (турнирдің екінші ракеткасы) жұбымен өзара мықтыны анықтайды. ¼ финалдық матч 24 ақпан күні Астана уақытымен 10:00-ге жоспарланған.

Ерлер арасындағы жұптық бәсекеде екінші айналымда қазақстандық Әмір Омарханов оңтүстіккореялық Хён Киммен дуэтте америкалық Кейлан Бигун/Джаггер Лич тандемінен жеңіліп қалды. Дегенмен Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы жекелей сында жарысты жалғастырады. Екінші айналымда ол осы турнирде өзімен бірге жұптық сайыста өнер көрсеткен серіктесі Киммен ойнайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz