Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына шыққан тұңғыш қазақстандық.
Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты. Әлемде жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазақстандықтардан алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Әмір Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жарыс жолынан шығарды.
Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды. Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0. Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды. Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мец Ротгерингпен кездеседі.
Айта кетейік, Омарханов жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 26-шы орында. Ол Петр Нестеровтың жетекшілігімен жаттыққан, Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Әмір қазір Белградтағы Янко Типсаревич академиясында шеберлігігін шыңдауда. Қазақстандық теннисшіні Неманья Лалич жаттықтырады. Ол ITF Juniors турнирлерінде жекелей және жұптық сайыстарда 5 рет жеңіске жеткен.