Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Astana Dewi командасы — Азия құрлығындағы әйелдер велосипедінің дамуының жаңа кезеңі

2023 жылы Азияда әйелдер велоспортын дамыту бойынша ірі бастама көтерілді. Осының аясында Раджа Сапта Октохари мырзаның төрағалығымен Astana Qazaqstan Team мен Индонезия Олимпиада комитеті арасында Азия әйелдер континенталдық велоспорт командасын құру жобасы жүзеге асырылды. Astana Dewi Women Team деп аталатын команда аймақтағы әйелдер велоспортының дамуына серпін бермек.

Әйелдер велоспортының танымалдылығының жылдам өсуін және әйелдерге арналған жарыс күнтізбесінің кеңеюін ескере отырып, жаңа мүмкіндіктерді қолдау және Қазақстан мен Индонезияның дарынды шабандоздарын дамытуға көңіл бөлу туралы шешім қабылданды.

Astana Qazaqstan Team әлемдік тур командасының негізінде жұмыс істейтін Astana Dewi Women Team команданың техникалық демеушілері: Wilier, Limar, Biemme командалары. Күшті брендтердің бұл ынтымақтастығы командаға әлемдік аренада сәтті бәсекелесу үшін қажет нәрсенің барлығын қамтамасыз етудің негізгі кілті болмақ.

Әйелдер велокомандаларын басқаруда көп жылдық тәжірибесі бар маман Вадим Кравченко «Astana Dewi Women Team» командасының басшысы қызметіне қабылданды. Оның тәжірибесі команданы дамытуда және әйел велосипедшілердің келесі ұрпағын дайындауда маңызды рөл атқарады.

Astana Dewi Women Team командасының құрылуы Astana QazaqstanTeam-нің велоспортты дамытуға деген адалдығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар менеджментке маңызды миссия – жас таланттарды қолдау және тәрбиелеу міндетін қойды. Командада қиындықтарды жеңуге және елімізді әлемдік аренада көрсетуге дайын сегіз талантты спортшы бар.

Команда құрамы: Өсім Ақпейіл, Фаина Потапова, Виолетта Казакова, Бота Батырбекова, Алина Спирина, Аюстина Делиа Приятхна, Жасмик Каур Секхон, Дара Латифах.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz