Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

«Странджа кубогына» қатысатын қазақстандық боксшылардың есімдері белгігі болды

«Кіші әлем чемпионаты» саналатын дәстүрлі «Странджа кубогы» турнирі 2-12 ақпан күндері өтеді. Қазақстан он салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді.

Ұлттық құраманың бапкерлер штабы алдағы турнирге келесі боксшыларды таңдап алды: Санжар Тәшкенбай 51 кг, Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Руслан Күзеубаев (60 кг), Ерасыл Таңқай (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Талғат Шайкен (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Тұрсынбай Құлахмет (80 кг), Абзал Құттыбеков (86 кг).
Команда құрамын эксперименталды деп айтуға болады. Онда ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары, сондай-ақ екінші және үшінші нөмірлері былғары қолғап шеберлері де бар.

Бір қызығы, бұған дейін кәсіпқойлар арасында сынға түскен Тұрсынбай Құлахмет пен Талғат Шәйкен Қазақстан құрамасына қайта оралды. Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Құлахмет кәсіпқойда жеті кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіске жетті. Ал 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Шәйкен кәсіпқой рингте өткізген тоғыз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Странджа Кубогына былтыр елімізден 57 келідегі Оразбек Асылқұлов — күміс, 75 келідегі Нұрқанат Райыс — қола жүлде алған еді және командалық есепте жетінші орынға табан тіреді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz