Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Александр Винокуров Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды

Бүгін Қазақстан спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев велоспорттан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровпен кездесті.

Даңқты велошабандозымыз отандық спортты, оның ішінде велоспортты дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келеді. 2013 жылдан бері ол әлемге әйгілі «Астана» велокомандасын басқарады.

Кездесу барысында Александр «Астана» велокомандасының халықаралық жарыстардағы нәтижесі мен болашақ даму жоспарлары туралы әігімеледі. Велоспорттан ұлттық құраманың көшбасшылары осы ұжымның өкілдері екені белгілі. Сондықтан Ермек Маржықпаев осы жазда Парижде өтетін Олимпиадада ел намысын қорғайтын велошабандоздарды дайындаудың жеке жоспарын Александр Винокуровпен бірге талқылады.

«Жиын соңында Александрға Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағы тапсырдым. Ол өз кезегінде жазда ұлттық құрамамен бірге Париж Олимпиадасына баруға уәде берді. Оның спорттағы тәжірибесі мен қолдауы біздің спортшыларға төртжылдықтың басты додасында лайықты өнер көрсетуге көмектеседі деп сенемін», — деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, 26 шілде — 11 тамыз күндері аралығында Париж жазғы Олимпиадасы өтеді. Аталмыш бәсекеде 32 спорттан 48 дисциплина бойынша 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында 7 спорт түрі бойынша 19 Олимпиада жолдамасы бар. ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың сөзінше алдағы басты жоспар – Париж Олимпиадасының жолдамасын 90-ға жеткізу.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz