Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жеңіл атлетика

Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті

Елордада алғаш рет еліміздің даңқты желаяғы, жеңіл атлетикадан КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО чемпионы және жүлдегері, алты дүркін рекорд иесі, Еуропа кубогінің иегері және Еуропа чемпионатының жүлдегері Әмин Тұяқов ағамыздың құрметіне Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирі ұйымдастырылды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Айтулы додаға әлемнің 45 елінен 136 спортшы қатысып, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешеніне жиналған көрерменге нағыз спорттық мереке сыйлады. Қатысушылардың арасында Олимпиада, Әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарында топ жарған әйгілі спортшылар болғанын айта кеткен жөн.
Жарыста ел құрамасы сапынан ең үздік көрсеткішті биіктікке секіруден жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая (2-орын) 1,90 метрмен көрсетті.

Ерлер арасында сырықпен секіруден 5.80 метр нәтиже көрсеткен Арманд Дуплантис алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ ядро лақтырудан Скотт Линкольн (20.81 метр), 60 м жүгіруден Демек Кемп (6,55 секунд), 60 м кедергілермен жүгіруден Жунхю Лю (7.58 секунд), 400 м жүгіруден Инаки Канал (46.36 секунд), 3000 м жүгіруден Самуэл Тефера (Эфиопия, 7:33.80 мин) үздік нәтиже көрсетіп, турнирдің чемпиондары атанды.

Ал әйелдер арасында биіктікке секіруден Урте Байкстайтқа шақ келер қарсылас табылмады.  Ол 1.92 метр биіктікті бағындырып, алтын жүлде иеленді. Ұзындыққа секіруден Милиса Гардасевич  6.45 метр, 60 м жүгіруде Багам аралының өкілі Антоник Страчан — 7.21 секунд, 60 м кедергілермен жүгіруден Тоби Амусан — 7.77 секунд, 400 м жүгіруден Катиа Азеведо — 52.64 секунд, 1 миль (1,6 км) жүгіруден  эфиопиялық Дирибе Уелтежи 4:23.76 мин нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанған спортшылар көктемде Глазгода (Шотландия) өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz