Ұлттық Олимпиада комитеті мәжілісмендердің сынына жауап беріп, мемлекеттің ҰОК істеріне араласуы заңсыз және елдің имиджіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде айтылды.
ҰОК мәліметтері бойынша, комитет елдің спорттық қызметіне байланысты мәселелерді белсенді талқылауды бағалайды. Алайда, мәжілісмендердің соңғы мәлімдемелері мен үндеулері аясында комитет өз рөлі мен функцияларын түсіндіруге шешім қабылдады.
Мәлімдемеде Ұлттық Олимпиада комитеті үкіметтік немесе коммерциялық емес, қоғамдық ұйым екендігі баса айтылған.
Сондай-ақ, ҰОК-нің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетке байланысты емес сыртқы көздерден жүзеге асырылады деп хабарланады.
«Депутат мәлімдеген сандар комитет қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Аталған мемлекеттік қаражат еліміздегі спортты дамытуға, спорт резервін дайындауға жіберіледі», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2023 жылы 15 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құлыбаев басқаратын Ұлттық Олимпиада комитетін 30 жылдығымен құттықтаған еді.
«Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз», деп мәлімдеген еді Тоқаев.
Дереккөз: Kursiv.kz