Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Александр Бублик Францияда өткен турнирдің чемпионы атанды

Монпельедегі жеңіс қазақстандық теннисшіге Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, осы жеңісінің арқасында ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы дүйсенбі күні жаңартылған ATP рейтингінде рекордтық 23-орынға көтеріледі.

Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінде жеңіске жетті.
Ол финалда әлемнің 37-ракеткасы, хорватиялық, 27 жастағы Борна Чоричпен бетпе-бет келді. Хорватиялық спортшы осыған дейін Марракеш, Галле және 2022 жылы Цинциннати мастерс турнирінде үздік шығып, әлемдік рейтингіде 12-орынға дейін көтерілген еді.

Бублик бұдан екі жыл бұрын осы Монпелье, өткен жылы Антверпен және Галле жарыстарының чемпионы атанған болатын. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады – 5:7. Есесіне екінші сетті қос брейкпен өз пайдасына жазды – 6:2. Үшінші, шешуші партияда Бублик тағы да брейкпен алда болды – 2:0. Осы қарқынынан ақыры танған жоқ – 6:3.

Ойыннан кейін Бублик матчтан алған әсерімен бөлісті.

«Мен бірінші кезеңде жеңілудің аз-ақ алдында болдым. Енді міне, чемпион атандым. Апта бойы мені қолдағандары үшін жанкүйерлерге рахмет! Ұлы (бұрынғы) чемпиондардың барлығын көрдім және стадионда мен де солардың арасында болдым. Мүмкін, мен осылай ойнай берсем, мұнда менің суреттерім көбірек болады. Өте қуаныштымын!», —  деді Александр Бублик ATP баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Осылайша, Александр Бублик Монпельеде екінші рет чемпион атанып отыр.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz