Қатарынан сегізінші матчта жеңіліс тапқан елордалық клуб қашан жанкүйерлерін қуантар екен?
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті маусымындағы матчында Хабаровскінің Амурымен ойнады. Жаттықтырушылар штабы команда құрамына Самат Даниярды, Аңсар Шайхмедденовты, Максим Мусоровты, Дінмұхамед Қайыржанды және Егор Шалаповты қайтарды. Сондай-ақ, отбасындағы жағдайға байланысты соңғы кездесулерді өткізіп алған Энтони Камара оралды.
Астанадағы кездесу қонақтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Кездесу соңында Владислав Барулин гол соқты. Ол үшінші кезеңде 55-минутта гол соқты. Ал соңғы ысқырыққа бір минут қалғанда «Астананың» экс-ойыншысы Дмитрий Шевченко бос қақпаны дәль көздеді.
Айта кетейік, командалар жексенбі, 4 ақпан күні де кездескен. Ол уақытта да «Амур» овертаймда (3:2) жеңіске жетті.
59 ойыннан кейін «Барыс» 45 ұпаймен Шығыс конференциясының кестесінде соңғы орында тұр. «Амур» (60 ойында 60 ұпай) «Шығыс» конференциясында тоғызыншы орынға жайғасты.
Астаналық команда өз айдынындағы келесі ойынын 8 ақпанда СКА командасына қарсы өткізеді.
«Барыс» – «Амур» 0:2 (0:0, 0:0, 0:2)
0:1 – 54:47 – Барулин (Коршков)
0:2 – 59:03 – Шевченко (Дрозг, Хохлачев)
Қақпашылар: Паскуале – Бобков
8 ақпан күні Олег Болякиннің шәкірттері өз айдынында СКА командасын қабылдайды.
Айта кетейік, матч қарсаңында ҚХЛ Президенті Алексей Морозов пен ҚХЛ вице-президенті Сергей Доброхвалов жұмыс барысымен «Барыс Аренаға» келді. Құрметті қонақтар Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен Жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегерлері құрамына кіретін «Барыс-2008» командасының жаттығуына қатысып, «Барыс-2007» хоккейшілерімен сөйлесті. Сонымен қатар, клуб атрибутикасының дүкеніне барып, «Барыс» пен «Амур» арасындағы матчты тамашалады. Құрметті қонақтар қазақстандық хоккей сүйер қауыммен естелікке суретке де түсті.