Францияның Париж қаласында 2024/25 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «В» Лигасының 3-тобына Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен түсті. УЕФА Ұлттар лигасы 2024 жылдың қыркүйек айында басталады.
Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі (Астана уақыты бойынша):
09.06.2024 | 19:00
Қазақстан – Норвегия
09.09.2024 | 23:45
Словения – Қазақстан
10.10.2024 | 23:45
Австрия – Қазақстан
13.10.2024 | 18:00
Қазақстан – Словения
14.11.2024 | 20:00
Қазақстан – Австрия
17.11.2024 | 22:00
Норвегия – Қазақстан
Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев жеребеге қатысты пікір білдірді.
«Тобымыз қиын болып шықты. Әр матчта бәсекелестікке төтеп беріп, жеңіс үшін ойнаймыз. Холанд, Алаба секілді әлемдік жұлдыздарға қарсы ойнағанда белгілі бір деңгейде жауапкершілік артылып, футбол жұротшылығының назарында болатынымызды түсінеміз. Словенияда кеткен есеміз бар. Сондықтан олар біз үшін ерекше қарсылас болмақ. Оның үстіне, осындай мықты ойыншыларға қарсы өзіңді бір тексеріп, алу әркез қызық. Нұралы Әліп үшін де мұндай мықты футболшыға қарсы ойнаған қызық болмақ», — деді Магомед Адиев.
Топ жеңімпазы автоматты түрде А лигасына көтеріледі. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен үйде және сыртта плей-офф ойындарында кездеседі.