Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Абу-Дабидегі турнир Елена Рыбакинаның жарқын жеңісімен аяқталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен (БАӘ) Mubadala Abu Dhabi Open турнирінің финалында ресейлік Дарья Касаткинаны жеңді.

Елена финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды. Осыған дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен еді. Есеп тең – 2:2. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина бет қаратпады – 6:1. Елена екінші сетте де брейкпен алға кеткенімен, ресейлік теннисші сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейк жасай алды – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4. Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.

Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды.

Рыбакина WTA турындағы алғашқы титулын 2019 жылы Бухарестте өткен WTA 250 турнирінде жеңіп алды. 2020 жылы ол Хобарттағы WTA 250 турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді. 2022 жылы Уимблдон чемпионы атанды. 2023 жылы қазақстандық теннисші екі WTA 1000 трофейін қанжығасына байлады: алдымен Индиан-Уэллсте, содан кейін Римде. 2024 жылдың басында Елена Брисбенде өткен WTA 500 турнирінде чемпион атанды. Осылайша, Абу-Дабидегі жеңісінен кейін Рыбакинада WTA-ның жеті титулы бар.

Осы жетісьігінің арқасында Елена 142 000 доллар табыс тапты. Сондай-ақ 500 рейтингтік ұпайға ие болды және жаңартылған WTA рейтингінде төртінші орынға көтеріледі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz