Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Халықаралық «Странджа кубогы» мәресіне жетті

Болгарияда бокстан 75-ші дәстүрлі халықаралық «Странджа кубогы» мәресіне жетті. Биылғы жарысқа Қазақстанды қосқанда 28 елден 261 боксшы қатысты. Қазақ боксшылары үш медаль жеңіп алды — алтын, күміс және қола.

Атап айтқанда, 67 келі салмақта өнер көрсеткен Дулат Бекбауов финалда Раджатты 3:2 есебімен жеңіп алтыннан алқа тақты. 51 келі салмақта өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай Амит Пангалға есе жіберіп, 0:5 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) қола медальді қанағат тұтты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орынға табан тіреді.

Өзбекстан 12 медальмен көш бастады — бес алтын, екі күміс және бес қола. Сондай-ақ төртінші жыл қатарынан өзбек боксшылары командалық есепте бірінші орын алып, турнирдің үздік командасы деп танылды. Үндістан екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен екінші орында. Болгария үздік үштікті түйіндеді. Турнир қожайындары бір алтын және төрт қола медаль иеленді.

«Странджа кубогы 2024» медальдар кестесі:

  1. Өзбекстан – 5-2-5
  2. Үндістан – 2-2-2
  3. Болгария – 1-4-0
  4. Украина – 1-1-3
  5. Қазақстан – 1-1-1
  6. Грузия – 1-0-3
  7. Қырғызстан – 1-0-0
  8. Қытай – 1-0-0
  9. Алжир – 0-1-4
  10. Тәжікстан – 0-1-0
  11. Грекия – 0-1-0
  12. Иран – 0-0-2
  13. Түркия – 0-0-1
  14. Франция – 0-0-1
  15. Моңғолия – 0-0-1
  16. Армения – 0-0-1
  17. Литва – 0-0-1
  18. Ирландия – 0-0-1.

Статистикаға сүйенер болсақ, былтыр Өзбекстан 16 медаль (7-4-5) жеңіп алса, Қазақстанның еншісінде екі-ақ медаль (күміс және қола) және турнирлік кестеде 14-орында болды. Ал 2022 жылы Өзбекстан боксшылары алты алтын медаль иеленіп, қазақстандықтар тоғыз медальмен (2-2-5) үшінші нәтиже көрсетті. 2021 жылы Өзбекстан 5 медаль (3-0-2), Қазақстан екі қоламен турнирді бесінші нәтижемен аяқтады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz