«Барыс» «Адмиралмен» кездесіп, ҚХЛ-да 11-матч қатарынан жеңіліс тапты.
Владивостокта өткен матч 4:2 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. Бірінші кезеңнің 15-минутында «Адмирал» Дмитрий Бучельниковтың арқасында есеп ашты. Екінші кезеңде Даниил Апалков (22 минут) пен Джозеф Лабэт (27 минут) кездесуді «Барыстың» пайдасына шешті. Кезең соңында Джованни Фиоре есепті теңестірді – 2:2.
Үшінші таймның соңында «Адмирал» «Барыстан» жеңісті жұлып әкетті. Соңғы кезең Алексей Соловьев пен бос қақпаны дәл көздеген Леонид Метальниковтың голдарынан кейін «Адмиралдың» бақылауымен өтті.
14 ақпан күні Владивосток қаласында «Барыс» пен «Адмирал» арасындағы екінші матч өтеді.
«Адмирал» – «Барыс» 4:2 (1:0, 1:2, 2:0)
1:0 – 14:40 – Бучельников (Горшков, Берлев)
1:1 – 21:43 – Апальков (Қайыржан, Әсетов)
1:2 – 26:40 – ЛаБейт (Камара, Нұрғалиев)
2:2 – 38:30 – Фьоре (Горшков, Берлев)
2:3 – 56:57 – Соловьев (Бучельников, Шевченко)
2:4 – 58:55 – Метальников (Петьков)
Қақпашылар: Демченко – Шутов
Айта кетейік, бұған дейін «Барыс» қатарынан он жеңіліске ұшыраған болатын. 62 кездесуден кейін 46 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы, 12-ші орында тұр. «Адмиралдың» 62 ойыннан кейін 51 ұпайы бар және Шығыста 11-ші орында жайғасты. Екі команда да ҚХЛ плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылып қалды.