Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина Дохадағы турнирді жеңіспен бастады

Qatar Open 2024 турнирінің жүлде қоры 3,2 млн долларды құрайды. Қомақты сыйақымен қатар турнир жеңімпазы 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті. Жарыстың екінші айналымында Елена әлемдік рейтингіде 57-орында тұрған қытайлық Чжу Линьмен ойнады. Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен. 2019 жылы Аустралия ашық біріншілігінде қытайлық спортшы 6:2, 6:4 есебімен ұтса, кейін сол жылы қыркүйекте Рыбакина Уханьда (Қытай) есе қайтарды — 7:5, 2:6, 6:0.

Елена матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:2. Екінші сетте де жағдай дәл солай – 3:0. Тағы бір брейк – 5:1. Матчқа доп бергенде де қиналған жоқ – 6:1. Бір сағатқа жуық өткен матчта Рыбакина 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.
Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездеседі.

2024 жылғы әйелдер арасындағы теннистен WTA 1000 санатындағы алғашқы турнирі Qatar Open 11-17 ақпан аралығында Дохада өтуде. Мұнда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек, Кори Гауфф және Елена Рыбакина бастаған үздік ондыққа кіретін жеті теннисші өнер көрсетуде. Бірақ чемпионат жарысының көшбасшысы және Австралияның ашық біріншілігінің жеңімпазы Арина Саболенко Катар астанасында өтіп жатқан жарысқа қатыспады.

Дәстүр бойынша Дохадағы турнир жыл сайын «500» санатынан «1000» санатына кезекпен ауыстырылып отырады. Бірақ, соңғы екі жылда турнир толық Швентектің үстемдігімен өтті. Биылғы турнирде де оның рейтингтегі көшбасшылығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен америкалық Эмма Наварро арасындағы кездесу бүгін, 14-ақпан елорда уақыты бойынша 20:00-де басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz