Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина жаңа маусымдағы үшінші финалға шықты

Бүгін, 16 ақпанда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада (Катар) өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирі — Qatar Total Energies Open турнирінің финалына шықты. Ол жартылай финалда ресейлік Анастасия Павлюченкованы (No32) 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Қарсыластар кортта 1 сағат 31 минут өткізді. Жарыстың финалында қазақстандық әлемнің бірінші ракеткасы, Польшадан келген Ига Швентекке қарсы ойнайды.

Әлемдік рейтингте 59-шы орында тұрған чехиялық теннисшісі Каролина Плишкова бел жарақатын алып, турнирдің жартылай финалдық кездесуіне қатысудан бас тартты. Нәтижесінде Ига Швентек автоматты түрде турнирдің финалына жолдама алды. Осылайша Швентек Дохадағы турнирдің финалында үшінші жыл қатарынан өнер көрсетеді.

Доха турнирінің финалисті 308 320 АҚШ доллары мен 650 ұпай алса, жеңімпаз 523 485 доллар сыйақымен қатар 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Рыбакина үшін бұл 2024 жылғы үшінші финал. Бұған дейін Елена Брисбенде (Австралия) және Абу-Дабиде (БАӘ) өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен болатын.

Финалдық кездесу 17-қаңтар Дохадағы орталық кортта Астана уақытымен 21:00-ге жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz