Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қос құрбы арасындағы тартыс. Елена Дохада Павлюченковамен финалдық жолдаманы сарапқа салады

Бүгін, 16 ақпан Елена Рыбакина маусымның бірінші WTA 1000 турнирі — Дохадағы (Катар) Qatar Total Energies Open турнирінде жартылай финалдық кездесуін өткізеді. 24 жастағы теннисші шешуші кезеңге шығу үшін 32 жастағы ресейлік Анастасия Павлюченковамен сынға түседі.

Жалпы, биыл Елена кездесулерде екі мірте жеңіліп, 14 жеңіске жетті. Ағымдағы турнирде қазақстандық теннисші үш қарсыласын тоқтатып, тек бір сетте ұтылды. Алдымен қытайлық Лин Жуды (6:2, 6:1) екі сетте ұтты. Кейін америкалық Эмма Наварро жарыс жолынан шығарды (6:1, 6:7(6), 6:4). Ширек финалда Елена канадалықты Лейла Фернандес (6:4, 6:2) ұтты. Жалпы бұл кездесулерге Рыбакина небәрі төрт сағат 47 минут уақыт қана жұмсаған екен.

Павлюченкова Катар астанасында Еленамен салыстырғанда бір матч артық өткізді. Өйткені Рыбакина жарысты бірден екінші айналымнан бастады. Мұнда Анастасия отандасы Дарья Касаткинаны (6:2, 7:6 (2), украиналық Марта Костюкты (есеп 2:1 болғанда қарсыласы жарысты жалғастырдан бас тартты), чехиялық Маркета Вондроушованы (7:5, 6:3) және америкалық Даниэль Коллинзді (7:5, 6:4) ұтты. Осы төрт кездесуде тәжірибелі ресейлік ару төрт қарсыластың үшеуі рейтингте өзінен жоғары тұрса да, қарсыластарына бір де бір сетте есе жібермеді. Барлығы Павлюченкова кортта бес сағат 26 минут өткізді.

Бұрын Рыбакина мен Павлюченкова бір-бірімен бір-ақ рет, Ролан Гаррос-2021 турнирінің ширек финалында ойнаған болатын. Ол кезде Анастасия жеңіске жетті — 6:7 (2), 6:2, 9:7.

Оларға бір-біріне қарсы ойнау оңайға соқпайды. Себебі олар дос. Кешегі Фернандесті жеңгеннен кейін Рыбакина Павлюченкованы кортта да, одан тыс жерде де жақсы білетінін бекер айтпады. 2021 жылы Ролан Гарростағы кездесуден кейін ресейлік теннисші психологиялық тұрғыдан Рыбакинаға қарсы ойнау қиын болғанын мойындады. Ал Еленаның өзі матч алдында да Павлюченковамен финалдық кезеңге дейін кездескісі келмейтінін айтқан болатын. Сол Франция ашық біріншілігінде Рыбакина мен Павлюченкова жекелей сында ширек финалда ойнап қана қоймай, жұптық сында да бірге өнер көрсеткен.

Рыбакина мен Павлюченкова арасындағы кездесу орталық алаңда өтеді. Матч шамамен Астана уақытымен 20:00-де басталады. Ал екінші жартылай финалда Елена мен Анастасия кездесуінен кейін әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентек пен чехиялық Каролина Плишкова өнер көрсетеді. Дохадағы турнирдің финалисті 308 320 доллар (650 ұпай), ал жеңімпаз 523 485 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz