Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінде күміс медаль жеңіп алды. Ол 500 метрге жүгіру финалында 41,051 секунд көрсеткішпен екінші болып мәре сызығын кесті. Канадалық спортшы Стивен Дюбуа (40,303) алтыннан алқа тақса, қола жүлде польшалық Михал Невиньскиге (41,158) бұйырды.
Айта кетейік, Денис Никиша спорттық мансабында шорт-тректен әлем чемпионатында екі алтын, бес күміс және төрт қола медаль жеңіп алған. Сондай-ақ әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері және Универсиаданың төрт дүркін қола жүлдегері.
Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір өкілі Әділ Ғалиахметов Дрезденде (Германия) өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қазақстандық жарыстың финалында 1000 метр қашықтықта үшінші нәтиже көрсетті. Мәреге бірінші болып Оңтүстік Корея өкілі Пак Дживон келді. Күміс медальді тағы бір оңтүстіккореялық Чан Сунву жеңіп алды.
Сондай-ақ қазақстандық конькишілер Канадада өткен әлем чемпионатына қатысты. Онда қазақстандық Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта конькимен жүгіруден жеке рекорд орнатты. Спортшы жарыс жолын 1 минут 15,24 секундта бағындырды. Бұл оған қарсыластары арасында соңғы 13-орынға және жерлестері арасында үздік атануға мүмкіндік берді. Екатерина Айдова 14-ші (1:15.29), Инесса Шүмекова 24-ші (1:18.57) нәтиже көрсетті. Канаданың Калгария қаласында өткен жарыс 18-ақпан күні мәресіне жетті. Турнирдің соңғы жарыс күні 4 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстандықтардан Екатирина Айдова 1500 метр қашықтықта сынға түсіп, қкінішке қарай жүлдегерлер қатарына іліге алмады.