Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жеңіл атлетика

Қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медальмен толықты. 18-ақпан күні қазақстандық спортшы Елизавета Матвеева биіктікке секіруде 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды.

Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге 2-болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ үш қарғып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні, яғни 17-ақпан күні Қазақстан құрамасының қоржынына 3 жүлде түсті. 60 метрге кедергілермен жүгіруде Давид Ефремов 7,60 секунд уақыт көрсеткішімен чемпион атанды. Осылайша, Давид былтыр Астанда өткен сары құрлық чемпионатындағы атағын қорғап қалды.

Ядро лақтыру сайысында Иван Иванов 19,08  метр нәтижесімен күміс медаль иеленді. Ал 1500 метрге жүгіруде Аяна Болатбекқызы 4:37.20 уақытпен үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Биылғы құрлық додасына еліміздің атынан 29 атлет қатысуда. Бүгін жарыстың соңғы күні.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz