Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Ел тарихында алғаш рет Суперкубок ойыны шет елде өтеді

Бүгін Түркияның Анталия қаласында футболдан Қазақстан Суперкубогының ойыны өтеді. Онда шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» кездеседі. Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Кезінде жасөспірімдер Еуропа чемпионаты мен көптеген жолдастық кездесулерді қабылдаған стадион маусымның алғашқы ресми жүлде иегерін анықтауға дайын. Маңызды ойын қарсаңында клубтар стадионда жаттығуларын өткізіп, отандық БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді. «Тобыл» бапкері Милич Чурчич Белекте өткен алғашқы маусым алдындағы турнирдің финалын еске түсірді. 4 күн бұрынғы додада қостанайлықтар ойын соңындағы пенальти сериясы бойынша «Ордабасыға» есе жіберген еді.

«Біз бір-бірімізді өте жақсы білеміз. 4 күн бұрын ғана ойнадық. Менің командам дайын екеніне сенімдімін. Иә, жаңадан келгендер көп. Бейімделуге уақыт қажет. Бірақ энергия бар, атмосфера жақсы. Біздің мақсатымыз — жақсы футбол көрсетіп, жеңіске жету», — деді Милич Чурчич.

Сонымен қатар «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыберген «Тобылға» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәлихатына қатысып, матчқа қатысты пікір білдірді.

«Бұл тарихта алғаш рет елден тыс жерде өтетін Суперкубок ойыны. Оның Қазақстанда, жанкүйерлерсіз өтетіні өкінішті. Алайда біз «Астана Арена» жабық екенін білеміз. Бұл екінші ойын болмақ. Маусымды жеңіспен бастағымыз келеді. «Тобылды» құрметтейміз, бірақ қорықпаймыз. Алаңға шығамын ба жоқ па, белгісіз. Бұл бапкердің шешіміне байланысты. Қазір ұлттық құрама туралы ойлап жатырмыз. Бапкер тәуекелге барғысы келмейді. Біздің арманымыз – Грекияны жеңіп, Еуроға шығу», — деді жартылай қорғаушы сұхбат барысында.

Суперкубокты әртүрлі елдерде өткізу көшбасшы лигалар үшін қалыпты үрдіске айналған.  «Ордабасы»  мен «Тобыл» жыл басынан бері Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келеді және жаттықтырушылар кеңесі маусым қарсаңында футболшыларын жақсы физикалық қалыпта сақтауға тырысады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz