Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Тобыл» — Қазақстан Суперкубогының иегері

Бүгін, 25 ақпан Түркияның Анталия қаласындағы «Мардан» стадионында «Ордабасы» (Шымкент) және «Тобыл» (Қостанай) футбол клубтары арасында Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтіп, кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды.

45-минутта Евгений Макаренконың күшімен шымкенттіктер бірінші болып есеп ашты. Бұған қостанайлықтар 63-минутта Иван Миладиновичтің дәл соққысымен жауап берді. Финалдық ысқырық естілісімен командалар пенальтилер сериясын бастап, оны тобылдықтар жақсырақ орындады – 5:4. Осылайша, қостанайлық клуб өз тарихында үшінші рет аталмыш кубокты жеңіп алды. Жеңіске жеткені үшін «Тобыл» 25 миллион теңге сыйақы алса, «Ордабасы» 15 миллион теңге табыс тапты.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын «Ордабасы» мен «Тобыл» маусым алдындағы қысқы кубок турнирінің финалында өзара ойнап, осы жеңісі үшін шымкенттік футболшылар 60 миллион теңге сыйақы алған болатын. Екінші орын иеленген қостанайлықтар 40 миллионға ие болды.

«Тобыл» үшін бұл үшінші Суперкубок (2021, 2022, 2024). Ал «Ордабасы» әзірге бір мәрте ғана Суперкубок (2012) иегері атанды.

Айта кетейік, келесі аптада Қазақстан чемпионаты басталады. Чемпионат басталуға екі апта қалғанда өзгерістер орын алды. Лицензиядан өте алмаған «Мақтааралдың» орнына «Ақсу» командасы өнер көрсететін болды.

1 наурыз

«Астана» — «Жеңіс» (Астана)

«Қайсар» (Қызылорда) — «Ақтөбе»

«Жетісу» (Талдықорған) — «Ақсу» (Павлодар)

2 наурыз

«Қайрат» (Алматы) — «Қызылжар» (Петропавл)

«Елімай» (Семей) – «Атырау»

«Ордабасы» (Шымкент) — «Шахтер» (Қарағанды)

«Тобыл» (Қостанай) — Тұран» (Түркістан)

Екінші тур 5-7 наурыз аралығында өтеді. Содан кейін чемпионатта үзіліс болады. Себебі ұлттық құрамамыз БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 21 наурызда Еуро-2024 іріктеуде плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен ойнайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz